31.03.2026

ТЖМ авиажасағы су тасқыны жағдайын әуеден бақылауда

ТЖМ әуе кемесі республиканың барлық өңірлерінде аэровизуалды мониторинг жүргізуде. Ақпан айынан бастап көктемгі су тасқынына бейім аймақтарда Төтенше жағдайлар министрлігі, аумақтық ТЖ департаменттері және «Қазселденқорғау» мемлекеттік мекемесінің мамандарымен бірлесіп 36 ұшу ұйымдастырылып, 250 су тасқыны қаупі бар елді мекен тексерілді.

Аэровизуалды шолу барысында су тасқыны қаупі бар учаскелердің жалпы гидрологиялық жағдайы бағалануда.

Аэровизуалды тексеру ҚР ТЖМ «Қазавиақұтқару» АҚ авиапаркінің «Eurocopter-145» және «Ми-8» тікұшақтарымен жүзеге асырылды.

Мониторинг нәтижелері негізінде елді мекендерді және көлік инфрақұрылымын су басу қаупінен қорғау, су өткізу құрылыстарын тексеру және қажет болған жағдайда инженерлік жұмыстарды күшейту бойынша тиісті шешімдер қабылдануда.

Аэровизуалды бақылау жұмыстары жалғасады.