«Қазавиақұтқару» АҚ «Safran Helicopter Engines» компаниясының өкілдерімен жұмыс кездесуін өткізді
Бүгін «Қазавиақұтқару» АҚ ғимаратында тікұшақ қозғалтқыштарын өндіру саласындағы әлемдік жетекші компаниялардың бірі «Safran Helicopter Engines» компаниясының өкілдерімен жұмыс кездесуі өтті.
Кездесу барысында тараптар авиациялық қозғалтқыштарға техникалық қызмет көрсетудің, олардың сенімді әрі үздіксіз пайдаланылуын қамтамасыз етудің өзекті мәселелерін, сондай-ақ 2027–2028 жылдарға арналған ынтымақтасты одан әрі дамыту перспективаларын талқылады.
Атап айтқанда, техникалық қолдау көрсету, сервистік қызмет көрсетуді ұйымдастыру және әріптестік қатынастарды кеңейтудің ықтимал бағыттарына ерекше назар аударылды.
Кездесу нәтижесінде тараптар өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге және ортақ мүдделі мәселелер бойынша сындарлы диалогты жалғастыруға ниетті екендіктерін қуаттады.
Жетекші авиациялық техника мен қозғалтқыштарды өндірушілермен халықаралық әріптестікті дамыту «Қазавиақұтқару» АҚ қызметінің Қоғамның авиациялық паркінің пайдалану дайындығы мен сенімділігін арттыруға бағытталған маңызды бағыттарының бірі болып табылады.