Қазақстан Республикасы Президенті Жолдауында белгіленген өзекті міндеттер - ұжымның алдағы жұмысына бағдар
«Қазавиақұтқару» АҚ бас директоры Нурлан Дүйсебаев қызметкерлермен Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауындағы негізгі ережелер мен ел дамуының басым бағыттарына арналған жиын өткізді.
Кездесу барысында Мемлекет басшысы айқындаған негізгі міндеттер, соның ішінде цифрлық трансформация, жасанды интеллектіні енгізу және оны корпоративтік деңгейде пайдалану, еңбек өнімділігін арттыру және заманауи технологияларды дамыту мәселелері қарастырылды.
Жолдауда белгіленген өзекті міндеттерді күнделікті қызметке жүйелі түрде енгізу, цифрлық құралдарды тиімді пайдалану және заманауи корпоративтік мәдениетті қалыптастыру қажеттігіне ерекше назар аударылды.
Жиын қорытындысы бойынша Нурлан Дүйсебаев Президент айқындаған стратегиялық бағытты ұстанудың және алға қойылған міндеттерді іс жүзінде жүзеге асырудың маңыздылығын атап өтті. Ортақ мақсаттарға қол жеткізуге және ұйымның одан әрі дамуына әрбір қызметкер өз үлесін қосуы тиіс.