«Қазавиақұтқару» АҚ-да сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы
БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ
«Қазавиақұтқару» АҚ-да сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы
«Қазавиақұтқару» АҚ-да Бас директордың 2026 жылғы 14 қазандағы № 51-1.11-03/666-ОД бұйрығына сәйкес 2026 жылғы 15–28 қазан аралығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.
Талдау 2026 жылдың өткен кезеңін, сондай-ақ 2025 жылғы ішкі талдау қорытындылары бойынша анықталған және жойылмаған не одан әрі бақылауды талап ететін сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін қамтыды. Қоғамның ішкі құжаттары мен ұйымдастырушылық-басқарушылық процестері, персоналды басқару мәселелері, қаржы-шаруашылық қызметі, мемлекеттік сатып алу, шарттық және талап қою-сот жұмысы, мүлікті басқару, цифрлық жүйелер және жекелеген өндірістік процестер қаралды.
Жүргізілген жұмыстың нәтижелері бойынша 2026 жылғы 29 қазанда № 51-1.3-09/20669 болып тіркелген талдамалық анықтама әзірленді және анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілді. Жоспарда нақты іс-шаралар, жауапты құрылымдық бөлімшелер, орындау мерзімдері және нәтижелерді растау нысандары айқындалды.
Іс-шаралардың орындалуы «Қазавиақұтқару» АҚ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметінің бақылауында. Ашықтықты қамтамасыз ету және қызметкерлерді, контрагенттерді және өзге де мүдделі тұлғаларды хабардар ету мақсатында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудың мазмұны мен нәтижелері Қоғамның ресми интернет-ресурсында орналастырылады.
«Қазавиақұтқару» АҚ сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу, ішкі рәсімдерді жетілдіру және анықталған тәуекелдерді төмендету жөніндегі жұмысты жалғастырады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызмет
«Қазавиақұтқару» АҚ
Байланыс мекенжайы: m.sabenov@kazaviaspas.kz