Қауіпсіз жазғы демалыс – балалардың жарқын болашағы
ТЖМ «Қазавиақұтқару» АҚ қызметкерлерінің балаларына жазғы демалыстың басталуы мен балаларды қорғау күніне орай мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында балалар Төтенше жағдайлар министрлігінің арнайы техникаларының көрмесін тамашалады. Құтқарушылар балаларға өрт сөндіру және авариялық-құтқару көліктерінің жабдықтарын таныстырып, кинологиялық қызмет өкілдері қызметтік иттердің дайындығын көрсетті.
Мерекелік бағдарлама аясында балаларға тәттілер таратылып, аниматорлардың қатысуымен ойын-сауық бағдарламасы ұйымдастырылды. Ән мен би орындалып, түрлі байқаулар мен қызықты ойындар өткізілді.
Қауіпсіз жаз – жарқын болашақтың кепілі! Балаларымыздың әр күні қуанышқа, шаттыққа және жарқын әсерлерге толы болсын.